БАЛАЛАР ҚҰМҒА СУРЕТ САЛДЫ
Қызылорда облыстық балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қазақстан – кең байтақ ел» тақырыбында құмды анимациядан конкурс өтті. Орталық тәрбиеленушілеріне шеберлік сағатын ерікті болып, Қызылорда облыстық жас суретшілер кеңесінің төрағасы Дәулет Тойшыбаев жүргізді.
Байқаудың ұйымдастырушылары Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы бірлестігінің қолдауымен «Мейірім-Үміт» қоғамдық қоры. Шара облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Социум» жобасы аясында өтті. Байқауға орталықтан 12 бала қатысты. Қордың қызметкері Гүлмира Саутованың мәлімдеуінше, сыйлыққа олар құмды анимация үшін екі планшет әкелген. Енді балалар кез келген уақытта құммен сурет сала алады, деп хабарлады бірлектіктің баспасөз қызметі.
Шынар БЕКБАН
Шынар БЕКБАН