ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ
Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының қолдауымен облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Қарлығаш» шеберлер орталығы көрме-жәрмеңке ұйымдастырды, деп жазды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі.
«Шараны өткізудегі мақсат – ұлттық құндылығымызды дамытып, кәсіп иелерінің деңгейін көтеру, аймақта қолөнер өндірісін дамыту», - дейді орталық төрайымы Қарлығаш Ілиясова. Көрме-жәрмеңкеге жерлестерімізден бөлек Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан да қонақтар қатысты.
Шара барысында қолөнершілер келушілер назарына өз дүниелерін ұсынды. Белсенділік танытқандары алғыс хаттармен және сый-сияпаттармен марапатталды.
Шара барысында қолөнершілер келушілер назарына өз дүниелерін ұсынды. Белсенділік танытқандары алғыс хаттармен және сый-сияпаттармен марапатталды.