ӨНЕР МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ШЫҢЫНА ШЫҚПАҚ
Арал қаласындағы №83 орта мектептің 10 «Б» сынып оқушысы Ақмарал Ідірісова жаңа оқу жылында Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында болып, «Children Mugam Festival» фестиваліне қатысып, бақ сынап қайтты.
Түркі тілдері арасында дәстүрлі өнерді дәріптеу мақсатында өткен жас өнерпаздар сайысында А. Ідірісова дипломант атанды.
Сондай-ақ, «Шөміш станциясындағы кварц кенінің құрамы» тақырыбы төңірегінде «Жас ғалым-2016» ғылыми жобалар байқауында өз жұмысын ұсынған осы мектептің 10 «Б» сынып оқушысы Мөлдір Боташова ІІІ дәрежелі дипломға қол жеткізді. Аталмыш жобаның мақсаты Кварц кенінің құрамымен танысып, оны тұрмыста пайдалану болатын. Бұл бағытта Мөлдірге дәріс берген ұстазы және оның ғылыми жетекшісі Пернегүл Жақсылықованың еңбегі орасан.