ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРАКӨЗІ
Қоңыр даусымен, жүрекке жылы үнімен көрермен ықыласына бөленген өнер иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова биыл – 60 жаста. Осыған орай Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында тәлімгер-ұстаздың шығармашылығына арналған классикалық ән өнері фестивалі өтті, деп жазды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі.
Өңірімізде тұңғыш рет өткізілген фестивальге келушілердің қатары қалың болды. Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов мерейтой иесіне деген жылы лебізін білдіріп, еселі еңбегі үшін облыстың "Құрмет грамотасын» табыстады.
Өнер жолындағы тұңғыш шәкіртінің шығармашылық кешіне КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Қазақтың бұлбұлы” атанған Бибігүл Төлегенова, белгілі композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев те арнайы келіп, құттықтауы мен ізгі тілектерін арнады.
Өнер саңлағының кешінде өзімен қатар ұстазы, түрлі байқаулардың лауреаты атанған шәкірттері А.Зацепиннің "Көктем вальсін”, Қазақстан композиторлары әндерінің шеруін нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар, композитор Кеңес Дүйсекеевтің "Есіңде ме?”, "Күз” атты сиясы кеппеген шығармалары алғаш рет тыңдарманға жол тартты. Осылайша әдемі әнге бөлеген фестиваль көрерменін бей-жай қалдырмай, кеш соңында жұртшылық көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.