КӨРЕРМЕНГЕ «ЕҢ ӘДЕМІ КЕЛІНШЕК» ҰНАДЫ
Н.Бекежанов атындағы театр сахнасында С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» драмасы ұсынылды.
Сұлтанәлі Балғабаевтың әйелдер психологиясына арналған лирикалық драмасы - әдемі келіншектің мұңға толы тағдырының бір ғана сәтін суреттейді. Студенттік жылдарының алғашқы курсында он алты жастағы Гүлбаршын бірге оқитын Алтайға ғашық болады. Бірақ өлердегі сөзін айтып, соңынан қалмай қойған Жиенбайға тұрмысқа шығады. Жылдар өте оның қызғаншақтығынан араларында кикілжің пайда болып, араққа салынған жары ақыры сотталып кетеді.
Басты кейіпкер - Гүлбаршын арқылы әйелдер мен еркектер арасындағы шынайы махаббат пен тағдыр ықпалындағы қарапайым жұбайылық ғұмырға көнетін тұрмыстық психология қайшылығы көрсетіледі. Пьеса сюжетінің шешімінде адамдардың алып-ұшқан асау сезім құрсауына қанша түссе де, бәрібір тұрмыс заңдылығына бағынатындығы дәлелденеді. Пьесадағы Гүлбаршынның жақын құрбылары Мәдина мен Зухраның оңашада айтылатын сырлары көрерменге терең ой салды. Спектакль зор ықыласқа бөленіп, көрермендер қошеметіне ие болды.