«ҮЗДІК ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Ақтөбе ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюссерлік орталығы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Үздік үйірме жетекшісі-2016» облыстық байқауы болып өтті.
Аталмыш байқауда айдынды Арал мен қарт Қаратау арасынан өз бақтарын сынауға келген талапкерлер ән, би және ұлттық аспаптар жанрлары бойынша бақ сынасты. Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен «Ән» жанры бойынша жаңақорғандық Құралай Әлиева, «Би» жанры бойынша қазалылық Индира Рсалиева және «Ұлттық аспаптар» жанры бойынша сырдариялық Ерболат Айдарбекұлы жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлердің барлығы да «Ақтөбе и К» ЖШС-нің демеушілігімен ұйымдастырылған сый-сияпатқа ие болды.