БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ
Оңтүстік Қазақстанда Шәмші Қалдаяқов атындағы «Арыс жағасында» VII ретро-фестивалінде VII Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысқан шарада аймақ басшысы жеңімпаздарды марапаттап, оларға сый-сияпат жасады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, VII Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін қызылордалық Назым Сағынтай жеңіп алды.
І-орынға Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Диана Хашимжанова ие болса, ІІ-орын алматылық Тілекбай Нағымбаев пен астаналық Еркебұлан Тұрмағамбетовке бұйырды. Ал жүлделі ІІІ-орынға астаналық Жалғас Сұлтанов пен Марат Айтымбай және Лаура Айтбаевалар (Қарағанды) лайықты деп танылды.
Сондай-ақ, салтанатты шарада Облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Қытай Халық Республикасынан келген Асылхан Дәстүр марапатталса, арнайы диплом қырғызстандық Биназира Аблаеваға табысталды.