ЖЕТКЕРГЕН ЖАНШОРАЕВ «ТІЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Жеткерген Жаншораев Республикалық «Тіл шебері-2014» байқауында үздік деп танылып, бас бәйгені жеңіп алды.
Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін білу – «Тіл шебері-2014» байқауының негізгі шарттары осы болды. Биыл бұл іс-шара барлығы 20-ға жуық жастардың басын қосып, қоғамдағы өзекті мәселе – тіл дамуына үн қосты. Қызылорданың намысын қорғауға Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас мұғалімі Жеткерген Жаншораевқа бұйырды. Орыс, қазақ, ағылшын және түрік тілін еркін меңгерген жерлесіміз үлкен додадан жеңіспен оралып, Гран-при иегері атанды.
«Байқау 3 кезең бойынша өтті. Алғашқыда қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптарына қатысты сұрақтарға үш тілде жауап берді. Екінші- ұлттаным кезеңінде, біз белгілі тұлғалар жайында баяндадық. Ал соңғы жаңылтпаштарды үш тілде айтуымыз керек болды», - деді Жеткерген Жаншораев.
Жастар арасындағы республикалық байқау бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Әдеттегідей бұл мазмұнды шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау және көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеуге бағытталды.
Байқау соңында барлық үміткерлер Тіл комитетінің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтарға ие болды.