«АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ МАНАП АҚЫН»
Жаңақорған ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, аудан әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Айтыстың ақтаңгері–Манап ақын» атты аймақтық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл айтыс достық кездесу негізінде өткендіктен қазылар алқасы сайланбады.
Бірінші жұп болып айтысқан Жамбыл қаласының ақыны Әсет Дүйсебаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының ақын қызы Карима Оралова болса, екінші боп сахнаға Алматылық ақын Асхат Қылышбек, Тараздық ақын Қанат Мырзахан және қызылордалық Мұхтар Ниязовтар үшеуі болып айтысып елдің ықыласына бөленді.
Ақындарға аудан әкімінің арнайы «Алғыс хаты» және бағалы естелік сыйлықтары табысталды.