АЛАТАУ БАУРАЙЫНАН АБЫРОЙМЕН ОРАЛДЫ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығы мерекелеріне орай оңтүстік астанамыз Алматыда 25-27 қыркүйек күндері «Әуен fest» концерттік оркестрлер фестивалі өтті. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы сахнасында өткен мәдени шараға Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен, Орал, Петропавл және Қызылорда қалаларының оркестрлік ұжымдары қатысып, бақ сынасты.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған фестивальдің мақсаты – камералық музыканы кеңінен насихаттау, ел жастарының бойында классикалық музыкаға деген қызығушылықты оятып, жас тыңдармандарды классикалық камералық музыка өнеріне тарту болып табылады.
Сонымен, республикалық камералық оркестрлер фестивалінен қызылордалық өнерпаздар олжамен оралды. Аталған өнер бәйгесінде Қызылорда облыстық филармониясының камералық оркестрі жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұған қоса, осы оркестрдің әртісі Марлен Бәйімбетов «Үздік жеке орындаушы» номинациясын жеңіп алды. Айта кетейік, өнер ұжымының тарихы 2014 жылдан бастау алады. Осыдан екі жыл бұрын облыс әкімінің қолдауымен Сыр елі мәдениеті тарихында тұңғыш рет Қызылорда облыстық филармониясы жанынан камералық оркестр құрылған болатын. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – есімі елімізге танымал өнер майталманы Кеулімжай Ботабаев. Қазіргі уақытта оркестр құрамында жиырмадан аса жоғары дәрежедегі білікті мамандар қызмет атқарады.Ал ұжым репертуарында 30-дан астам классикалық шығарма бар.
Фестиваль Алматы қаласы әкімінің қолдауымен өтті. Айтулы шараның ұйымдастырушысы – ҚР Халық әртісі, Алматы әкімінің концерттік оркестрінің бас дирижеры әрі көркемдік жетекшісі Мұрат Серкебаев.
Музыка мамандарының айтуынша, фестиваль камералық жанрдағы қазақ халқының және фольклорлық музыкасының көркемдігі мен саналуандығын көрсетіп, еліміздің әр аймағынан жиналған ансамбльдік ұжымдардың кәсіби шеберлігін аша түскен. Ал байқау бағдарламасында қазақстандық композиторлардың шығармаларымен бірге классикалық туындылар да орындалыпты.
Өнер мен мәдениеттің, руханияттың бесігіндей болған Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары осылайша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленді. Оркестрдің бағындырар биіктері әлі алда деп білеміз.