«ҚЫСЫЛҒАННАН ҚЫЗ БОЛДЫҚ» МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯСЫ САХНАЛАНДЫ
Қыркүйек айының 28 жұлдызы күні облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахнасында С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясы көпшіліктің назарына ұсынылды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Комедия қойылымы белгілі бір аудан орталығындағы мәдениет үйінде өтеді. Ансамбль жетекшісі Жұмат жаңа музыкалық топ құру туралы идеяларын айтып, Ыбырай Жарылкаповичтан (мәдениет үй директоры) келісім алады. Бірақ, ансамбль тек қыздардан құрылу қажет. Қызықтың бәрі осы топты құру жолында суреттеледі. Қойылым қазақ және шет ел әндерінен құрылып, артистердің жанды дауысымен орындалады.
Шытырман күлкілі оқиғаларға толы комедия сыр өңірінің өнер жанашырларының көңіл-күйін көтеріп, ерекше ықыласқа бөленді. Қойылымды 400-ге жуық көрермен тамашалады.
Шытырман күлкілі оқиғаларға толы комедия сыр өңірінің өнер жанашырларының көңіл-күйін көтеріп, ерекше ықыласқа бөленді. Қойылымды 400-ге жуық көрермен тамашалады.