ДӘСТҮРЛІ ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ
Үстіміздегі жылдың 8-9 қазанында Қызылорда облысы әкімдігі Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп, Түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі музыкалық өнер фестивалін ұйымдастырып отыр.
Түркі тілдес халықтардың ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара мәдени қарым-қатынас пен байланысын нығайтуды мақсат етеді.
«Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялық көрмесінен бастау алмақ. Фестиваль аясында фольклортанушы-ғалымдардың, өнер зерттеушілері мен фестиваль қонақтарының қатысуымен «Қорқыт Ата мұралары – түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциямен жалғасады. Сондай-ақ, түркі тілдес елдер мен қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Айтулы өнер мерекесіне Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Молдова елдерінен, Ресей Федерациясының Татарстан, Алтай, Якутия, Хакасия, Башқұртстан республикаларынан 29 әйгілі ғалымдар, фольклортанушылар, өнер зерттеушілері және 36 өнерпаздар мен өнер ұжымдары қатысады деп жоспарлануда.
Фариза ОМАРОВА