АБАЙТАНУШЫ ҒАЛЫМ ТУРАЛЫ АУҚЫМДЫ ШАРА
Абайтану ғылымының негізін салушы, Абай мұражайын құрушы, Қазақстанның тұңғыш Әнұранының авторы, ақын әрі аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Алаштың ақтаңгері» атты дөңгелек үстел өтті, - деп жазады кітапхана сайты.
Мәдени шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Айман Айтбаева, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Айжан Қалманова, кітапхана оқырманы Гүлжайна Мұқашева қатысты. Олар ұлт мүддесі жолында қайтпас қаһармандықтың үлгісін көрсеткен Қайым Мұхамедхановтың тар жол, тайғақ кешуге толы қилы тағдары мен оның қазақ әдебиетіне қалдырған мол мұрасы, шығармашылық белестері туралы айтып берді. №101 орта мектептің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапхана қызметкері Айжан Шәкиева ғалымының өмірбаянына тоқталып, кітап көрмесіне шолу жасады.
Ғалымның әртүрлі өмір кезеңдерінен слайд жасалып, шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ғалымның әртүрлі өмір кезеңдерінен слайд жасалып, шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.