БАЙҚОҢЫРДЫ ӘНГЕ ҚОСҚАН ФЕСТИВАЛЬ
Қармақшыда облыстық ішкі саясат басқармасы жəне "Қорқыт елі - Қармақшы" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Əнім сенсің – Байқоңыр" атты V ретро əндер фестивалі өтті.
Онда Байқоңыр қаласы, Қармақшы, Жаңақорған, Жалағаш, Қазалы аудандарының жастары ретро жəне еркін тақырыптағы əндер орындаудан бақ сынады. Қазылардың ұйғарымымен Ақай ауылдық округінен келген жас талант Т.Қожабаев фестивальдің Гран-при иегері атанды. Жүлделі I орынды төретамдық Д.Төлегенов иеленсе, II орынды жалағаштық П.Орныққан жəне жаңақорғандық А.Сламовтар иелік етті. III орынды Байқоңыр қаласынан А.Маханбедиев жəне Қ.Нағымет, қазалылық Н.Сабыр өзара бөлісті.
Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табсыталды.
Ж.НҰРПЕЙСОВА
Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табсыталды.
Ж.НҰРПЕЙСОВА