СУРЕТШІ САХИ РОМАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТЕДІ
19 тамыз күні сағат 16.00-де Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен көркемсурет галереясында Халық суретшісі Сахи Романовтың туылғанына 90 жыл толуына орай «Сырдың саңлақ сардары - Сахи» атты еске алу кеші өтеді. Кешке суретшілер, зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, студенттер, қала тұрғындары қатысады.
Сахи Романов 1 тамыз 1926 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Қазақ ССР-нің кино суретшісі, кескіндемеші. Алты жасында ата-анасынан жетім қалады. Балалар үйінде тәрбиеленген. Суретші 1955 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематографиялық институтын бітіреді. Көп жылдар бойы «Қазақфильм» студиясында жұмыс атқарған. Жалпы, Сахи Романов кино саласына еңбек сіңірген жан. «Ән қанаты», «Қанатты сыйлық», «Алдар көсе», «Даладағы қуғын» фильмдеріне декорация эскизін жасап, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Суретшінің есімі елімізде ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағында, шет елде белгілі болған.
С.Романов – қазақ қылқалам өнерінің, соның ішінде кескіндеме, портрет өнерінің озық шебері. Оның шығармаларынан біз әрдайым қазақ даласы мен тұрмыс салтының, ұлттық ерекшелігінің бейнесін көреміз. Өнер иесінің шығармашылығы өз заманында өте кең таралды. С.Романов жанрдың ерекшеліктеріне қарамастан оның барлық шығармалары бай мазмұнымен, баяндалу үлгісінің нақтылығымен, өзіндік айқын қолтаңбасымен, өмірді терең түсінуі сияқты творчествалық ізденістің сан қырлылығымен ерекшеленеді.
Еске алу кеші концерттік бағдарламаға ұласып, жергілікті өнерпаздар келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.