АЛМАТЫДА БАТЫРХАН ШҮКЕНОВКЕ АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕ АШЫЛАДЫ
Алматыда таяуда белгілі эстрада әншісі Батырхан Шүкеновке арналған фотокөрме ашылады. Бұл туралы бүгін өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Батырхан Шүкенов атындағы қор» қоғамдық қорының директоры әрі Батырханның досы Олжас Байқанов хабарлады, - деп жазады Қазақпарат.
«Батырхан Шүкенов атындағы қор қазір белсенді жұмыс істеп жатыр. Үстіміздегі жылы Алматы қаласында «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Батырханға арналған қызықты фотокөрме өткізіледі. Оның дизайнымен қазір өте белгілі суретші, Батырдың досы Нұрлан Төреханов айналысуда. Көрмеде негізінен, Қазақстандағы ең үздік фотографтардың бірі - Николай Постниковтың авторлық жұмыстары қойылады. Ол кезінде «А-студио» тобының «Джулия» фильмін түсіру барысында Батырдың қасында көп жүрген. Көрмеге кіру тегін. Ресми жарнама көп ұзамай бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіледі», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қоғамдық қор, Батырдың шығармашылығын қастерлеушілердің бірі Сергей Васильченконың қолдауымен Батырхан Шүкеновтың жаңа альбомын дайындап жатыр.
«Демеушілер табылар деген үміттеміз. Солардың арқасында жаңа альбомды аяқтар едік. Алда тағы екі альбомды жарыққа шығару жоспарымызда бар. Бізді қолдап келе жатқандарға арнап, біздің www.batyr.live сайты арқылы, қорға қайырымдылық көмек жасаудың жеңілдетілген жүйесін енгіздік. Осы аптада бұл жүйе Батырхан Шүкеновке арналған Фейсбук және VK әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға енгізіледі. Сіздердің арқаларыңызда Батырдың рухы үшін көптеген игі істер атқарамыз деп үміттенеміз», - деп жазады Батырдың досы.