ҮЗДІК ШЫҚҚАН ЖҰМЫСТАР БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Шиелі және Жаңақорған ауданында «Сана» зияткер жастар мектебі қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастардың арасында түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Екі бөлімнен тұратын шарада алдымен «Break dance», «Street workout» бағытындағы шұғылданушы жастарға мастер класс өткізді. Мастер классты түрлі облыстық, республикалық сайыстарда жүлделі орын иеленіп жүрген «Калидаскоп» тобының мүшелері жүргізді. Қазіргі таңдағы қолдасындағы элементтерді көрсетіп субмәдениет өкілдерінің алға қойған мақсаттарымен таныстырды. ІІ бөлім «Фото сушка» сурет байқауын ұйымдастыру. Кез келген көлемдегі түрлі түсті сапалы шыққан суреттер халықтың назарына ілініп, үздік шыққан жұмыстар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша "Шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру" әлеуметтік маңызды жобасы қолға алынған болатын. Жоба барысында субмәдениет өкілдері «Break dance», «Rap», «Graffiti», «Streetball», «Xip xop», «Street workout» жанрлары бағытында шұғылданып жүрген жастар арасында түрлі бағыттағы іс – шаралар ұйымдастыру жүктелген.