БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ӘН ФЕСТИВАЛІ
Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілдігінің қолдауымен Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде облыстық «Әнім сенсің - Байқоңыр» атты ІІІ ретро - әндер фестивалі өткізілді, - деп хабарлайды «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі.
Фестивальге облыстың барлық аудандары және Байқоңыр қаласының талантты жастары қатысты.
Шараға қатынасушылар екі турдан бақтарын сынады. Қазақстан және Ресей авторлардың шығармаларын, Заманауи өңдеуден өткен ретро - ән орындады.
Жастарға тәрбиелік мәні зор шараның бас жүлдесін сырдариялық Сымбат Мұқанова жеңіп алды. Жалағаш ауданынан қатысқан Талант Айымбетов бірінші орынды иеленсе, қармақшылық Әсел Алдыоңғар, сырдариялық Ақбота Русланова екінші орынды бөлісті. Үшінші орынды Қармақшының жас өнерпазы Құралай Абдраманова мен Қазалы ауданынан келген Ақбөпе Кеулимжаева қанағат тұтты. Ал қалған қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Фариза ОМАРОВА