АСТАНА КҮНIНЕ ОРАЙ БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ ӘНIНЕ ТҮСIРIЛГЕН БЕЙНЕБАЯННЫҢ ТҰСАУЫ КЕСIЛДI
Бүгін танымал әншi марқұм Батырхан Шүкеновтің елордаға арналған «Жүрегімде Астана» əніне түсірілген бейнеклиптің тұсауы кесiлдi. Бұл талантты әншiнiң орындауындағы соңғы ән, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Ақын Шөмiшбай Сәриев пен композитор Ренат Гайсиннiң «Жүрегiмде Астана» атты әнiне бейнебаянды «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсiрген. Б.Шүкенов көзi тiрi кезiнде әннiң дыбысын ғана жазып үлгерген. Бұл ән өткен жылы Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың арнайы шығарған «Аманат» атты соңғы альбомына кiрген.
Бейнеклип Астананың түрлi аймақтарында түсiрiлген және онда елорданың ең көрiктi деген жерлерi мен ең зәулiм ғимараттары көрiнiс тапқан. Отандық кинематография саласында алғаш рет арнайы эффектiлердi жасау мақсатында анаморфотты кинообъективтер пайдаланылған.
Түсiрiлiмге Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Мақпал Исабекова, Майра Мұхамедқызы, Дильназ Ахмадиева, Ләйлә Сұлтанқызы сияқты танымал эстрада және телевизия жұлдыздары мен ақын Шөмiшбай Сариев және композитор Ренат Гайсин қатысқан.
Бейнебаянның тұсаукесерiне клипке түскен азаматтардың көпшiлiгi және ән авторы Ш.Сариев келдi. Олар клиптен алған әсерлерiмен және Батырхан Шүкенов туралы естелiктерiмен бөлiстi.
«Мен Батырханның досы ретiнде бейнебаянның бiраз эпизодына түстiм. Астана қаласы туралы ән елорданың сұлулығын жырлайтын, қазақ халқының астанасын жырлайтын шын жүректен шыққан ән. Батырханның өнерiне, оның музыкасына, оның дауысына бiздiң жастар қазiргi кезде көп елiктейдi. Сондықтан, Батырханнан әлi үйренетiн дүние көп. Талантты әншiнiң деңгейiне жетуге жастар тырысады деп ойлаймын. Себебi, шынында да бұл музыкант дүниежүзiлiк деңгейдегi, қазақтың эстрада музыкасын насихаттаған үлкен музыка қайраткерi деп санаймын», - дейдi Роза Рымбаева.