ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға 10 жас суретші қатысып, өз ойларын қағаз бетінде бейнеледі. Шара барысында Аңсаған Мұстафаның туындылары халық назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар тарту етілді.