ӘСЕЛ ТӨРЕБАЕВАНЫҢ ӘН КЕШІ
Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен жанарынан айрылған әнші Әсел Төребаеваның «Әнші бағым» атты ән кеші өтті, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасының тілшісі.
Сынаққа жасымаған Әсел өлең, ән жазып, авторлық өлеңдерін алғаш сахнада орындады. Кештің мақсаты да – көкірекпен түйген дүние көркемдігін өрнектей білген, сұлулық пен нәзіктік тақырыбын жанына серік еткен әншінің өнерін қөрермендерге насихаттау.
4 жасында көзі көрмей қалған Әселге ота жасалса да оң нәтижесін бермеген. Тағдырына мойымаған Әсел әншілік жолды таңдап, өнер сахнасында көрініп жүр.
Аталмыш шараға оның туған-туыстары қолдау көрсетіп, гүл шоқтарын табыстап, әріптес достары әншінің туындыларын орындады.