ЕЛІМІЗДІҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, батыста нөсер жауын жауады. Тек оңтүстікте және оңтүстік -шығыста күн ашық, аптап ыстық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жауады. Республиканың солтүстігінде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.