ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМДЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛАДЫ
Тігін фабрикасының алғашқы өнімдері қайырымдылыққа жұмсалады, деп хабарлады «Ел-Арай» қоғамдық қоры өзінің әлеуметтік парақшасында.
«Қаламызда тұңғыш рет ерлерге арналған көйлектер тігетін "Dominant" тігін фабрикасы ашылды. Алғашқы 230 дана өнім қаламыздың мұқтаж отбасылары үшін тігілді. Сапасы жағынан жоғары мұндай өндіріс орындары тек қызылордалықтар үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызды. Ізгі бастамаларымызды қолдағаны үшін фабрика ұжымына алғысымыз шексіз», - делінген хабарламада.