ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Семинар жұмысын сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаеваға сөз кезегін берді.
Кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне» сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта: жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге; қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға; өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс екенін атап көрсетті.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынастағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары жөнінде және 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа негізілген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет» туралы Заңының қағидаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы туралы сұрақтар талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар аталған тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісті.