ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОМПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМА 2016 ЖЫЛЫ БЕКІТІЛЕДІ
Халыққа электронды мемлекеттік композиттік қызметтерді дамыту жөніндегі «Digital Kazakhstan» бағдарламасы биыл бекітіледі, деп мәлімдеді бүгін «Digital Kazakhstan» семинар-тренингі барысында «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ бағдарламаларды басқару жөніндегі департамент директоры Әлібек Ирғалиев, деп жазады primeminister.kz.
«Қазір бұл бағдарлама пысықталып жатыр, ол биыл бекітіледі деп жоспарланған. Қай бағдарламалар мемлекеттік бағдарламаға жататынын, ненің есебінен және қаржыландырудың қандай әдістері пайдаланылатынын түсінеміз», - деді Ә.Ирғалиев.
Сонымен қатар, ол «Digital Kazakhstan» электронды үкіметті дамытудың келесі кезеңі болатынын, атап айтқанда халық пен бизнестің электронды үкіметке қызығушылығы мен сапасын арттыру үшін композиттік қызметтерді дамыту және проактивті тәсілді қолдану күтілетінін айтып өтті.
«Яғни, электронды үкімет жүйесі азаматтың өмірлік жағдайларын өзі қадағалап, қандай да бір мемлекеттік қызметтерлі алуды ұсынады және барлық талап етілетін рәсімдерді орындайды, ал азамат тек осы әрекеттердің қажеттігін растайды», - деп түсіндірді департамент басшысы.
Атап айтқанда, жоба аясында еңбекпен қамту, зейнетке шығу, баланы балабақшаға орналастыру, жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде қажетті іс-қимыл алгоритмдерін жасау көзделген.
Ә.Ирғалиев, атап айттқанда, бала туған кезде келесі қызметтер кешені жасалатынын айтып өтті: анаға жәрдемақы төлеу, балабақшаға кезекті анықтау, балаға сай мектепті анықтау, емханаға тіркеу және тағы басқалары.
«Біз мемлекеттік органдардан бастадық, себебі оларға қандай функциялар артылғанын, олардың не істейтіндерін және қандай құзіреттерге ие екенін білеміз. Одан кейін біз оны композиттеп, автоматтандырылуы тиіс бизнес үдерістерлі аламыз», - деді ол.