ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді. Солтүстікте кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.