ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКІР ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БОЙЫНША ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ
Бүгін Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды. Шара 2016 жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.
Аталған онкүндіктің мақсаты – өткір ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекция жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, азаматтардың денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтың хабардарлығын арттыру.
Онкүндік аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (әрі қарай - МСАК) өткір ішек инфекцияларының алдын алу жөнінде гастроэнтерологтардың, инфекционистердің, педиатрлардың, жалпы практика дәрігерлерінің және т.б. мамандардың кеңес беретін ашық есік күндері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, МСАК мамандарының арасында өткір ішек инфекцияларының алғашқы белгілері мен оған көрсетілетін медициналық көмек туралы гастроэнтерологтың қатысуымен семинар-тренингтер; мектеп жанындағы, жазғы сауықтыру лагерьлерінде, балалар үйлерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда «Өткір ішек инфекциясынан қорғанамыз!», «Жеке гигиена өткір ішек инфекциясынан қорғану құралы!» тақырыбындағы ойындар, «Таза қолдар» флеш-мобтары және т.б. шаралар өткізіледі.
Өткір ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолдарын улап, зақым келтіретін, іш өту және улану белгілері байқалатын аурулар тобы. Ауруды бактериялар, вирустар мен қарапайым микроорганизмдер қоздыруы мүмкін.
Антисанитариялық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, дұрыс сақталмаған немесе даярланбаған зарарлы азық-түлікті тұтыну ішек инфекцияларының жұғуына әсер етеді.
Адамдар өткір ішек инфекцияларына тез шалдығады, әсіресе, сәбилер.
ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының қауіпсіз тамақтанудың маңызды 5 қағидасын ұсынады: тазалықты сақтау; шикі азық-түлікті жылумен өңделетін азық-түліктен бөлек ұстау; оларды жылумен мұқият өңдеу; азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтау; қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі өнімдерді қолдану.