МЕМЛЕКЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қажырлығы мен даналығын, болашаққа деген үкілеген үмітін, мақсат-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Осы айтулы мереке қарсаңында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты түзеу мекемелері жеке құрамының қатысуымен ҚАЖ департаментінің саптық алаңында құрмет қарауылы мемлекеттік туды шығара отырып, Мемлекеттік әнұранын орындалды.
Іс- шараны Департамент бастығы Ғанибек Сырмағанбетұлы ашып, департамент ұжымын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Тәуелсіздіктің басты нышандары мен мемлекеттік идеологияның негізі-халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған еркіндігін білдіретін мемлекеттік рәміздер болып табылатынын айтты. Департамент бастығының құзырымен қызметте жақсы жетістіктерге жеткен ҚАЖ департаменті қызметкерлері және Департаментке қарасты мекеме қызметкерлері марапатталып, ҚР ІІМ-нің бұйрығына сәйкес жас қызметкерлердің алғашқы арнаулы атақтары табысталды.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналып өткізілетін дәстүрлі мереке- елімізде аталып өтетінмерекелердің бірі емес бірегейі, ұлық мереке екендігі қызметкерлер мен жас қызметкерлердің назарына жеткізілді.
Шара соңында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында деректі фильм көрсетілді.
Д. ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің
мемлекеттік тілде аудармашысы