ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ БАР ЭКСПЕРТ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ
Қызылордалық жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараевтың кондитерлік өнімдер шығаратын кәсіпорны әлемдік деңгейдегі тәжірибелі Германиялық эксперттің көмегімен 21 күн бойы өнім түрлерін көбейтуге және сапасын жақсартуға жұмыс жасады.
Жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараев бірнеше жылдан бері «Браунис» тауар белгісімен кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады. «Браунис» кондитерлік цехынан шығатын тәтті өнім түрлерінің көп, әрі алуан түрлілігіне қарамастан жеке кәсіпкер кәсіпорынның өндіріс технологиясын жақсарту мақсатында «Прэко Қызылорда» Консалтингтік компаниясы мен Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілерінің көмегімен Германиядан SES – эксперт шақыртты. Әлемдік деңгейдегі тәжірибелі эксперт Вильгельм Ренн кондитерлік және нан өнімдерін шығару кәсібінде 50 жылдық тәжірибесі бар маман. Атап өтсек, эксперт әлемнің 20 еліндегі 53 SES – жобасын жүзеге асырған. Өзінің эксперттік миссиясы аясында неміс бизнес-кеңесшісі кәсіпкер Айдос Сайлығараевқа кәсіпорындағы менеджмент және бизнес-процесстерді ұйымдастыру кезіндегі әлсіз тұстарды анықтауға көмектесті. Кондитерлік дүкендер желісін құрған кәсіпкер ретінде Вильгельм Ренн компанияны басқару, жаңа тұжырымдамалар енгізу мен кешендік стратегия бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған. Жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараевтың сөзінше SES- эксперт кондитерлік және нан өнімдерінің 40-тан аса жаңа түрлерінің рецептімен бөлісуі арқасында кәсіпорынның шығаратын өнімдер ассортименті едәуір көбейген.
- Мен шетелдік эксперттің көмегін бірнеше жыл қатарынан пайдаланып келемін. Қазіргі нарық жағдайында бизнес-кеңесшілердің көмегінсіз бизнесті дамыту аса қиын мәселе. Бұл қолдау тамақ өндірісі бағытында үздіктер қатарынан көріну үшін алдыңғы еуропалық сапаны енгізуде нақты мүмкіндік болып отыр. Тәжірибелі SES- экспертті ыңғайлы символикалық төлем аясында шақыртуға мүмкіндік берген «Прэко Қызылорда» компаниясы мен Даму Қорына алғыс білдіремін, - дейді Айдос Сайлығараев.
Германияның аға (SES) эксперттер қызметі – бұл түрлі салалардағы, атап айтқанда персоналды басқару (HR), қызмет көрсету мен тауар өндірісі, маркетинг, қаржы мен бизнес-жоспарлау және басқа да бағыттар бойынша 10 000 аса мамандардың басын құрайтын ірі ұйым. SES- эксперттер көп жылдық тәжірибесі бар мамандар, көбінің жеке бизнестері бар, сондай-ақ кейбірі жұмыстан кеткенімен өзінің білімі, тәжірибесімен дамушы кәсіпкерлермен бөлісуді мақсат еткендер. SES- экспертті шақыртуға өтінім беру үшін «Прэко Қызылорда» Консалтингтік компаниясына немесе Даму Қорына жүгінуге болады. Тапсырыс беруші тарапынан эксперттің жатар орны мен тамағын және тәулігіне 5 еуро көлеміндегі төлемді ұйымдастыру қажет.