ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ 3,7 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ЖАРИЯ ЕТІЛМЕГЕН АКТИВТЕРДІ БАНК ШОТТАРЫНА САЛУҒА МІНДЕТТЕЙДІ
2017 жылдан бастап 3,7 млн теңгеден астам жария етілмеген қолма-қол ақшасы бар республика азаматтары оны қазақстандық банктердің шотына салуға міндетті болады, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
«2017 жылдан бастап бастапқы декларацияны ұсыну кезінде 3,7 млн теңгеден астам жарияланбаған сомасы бар азаматтар оларды қазақстандық банктердің шоттарына салуға міндетті болады», - деді Бақыт Сұлтанов.
Ол сондай-ақ заңдастыру бойынша акцияның аяқталуын сәйкестендіру және жалпыға бірдей декларация үдерісінің басталуында капитал амнистиясының мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғанын айтып өтті.
Б.Сұлтанов аталмыш науқан аяқталғаннан кейін барлық әлем бойынша қазақстандықтардың шоттары қайтадан тексерілетінін еске салды. Министрдің айтуынша, оған сәйкес халықаралық келісімдер мен конвенциялар қол қойылған елдермен ақпарат алмасу аясында жүргізілген жұмыс ықпал етеді.
Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сағынаев айтып өткендей, егер ҚР азаматының 3,7 млн теңгеден астам жинаған қаражаты болса, 2016 жылдың 31 желтоқсанына жағдай бойынша 2017 жылға кірер алдында тым болмағанда бір күнге сол сома екінші деңгейлі банкте болуы тиіс.