БҮГІН ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Биыл Рамазан айындағы ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады.
Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының ерекшелігі - бұл ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын маусым, яғни, бұл айда игі мұсылман қауымының бес парызының бірі - ораза ұстау басталады. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Ал оразаның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Бұл айда өзін мұсылман санайтын әрбір азамат Рамазан айын құрметтеп, Жаратушы Иенің бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтанады. Ораза тұтып, ғайбат жасамаған, жалған сөйлемеген, ешкімді ренжітпеген, харамдардан сақтанған адам Рамазан айын құрметтеген болып саналады. Хадис шарифтерге сүйенсек: «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар, көп Құран оқыңдар. Өйткені, Рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әрбір әрпі үшін Хақ Тағала жәннат бақшаларынан бір бақша береді» делінеді. Яғни, Рамазан айын құрметтеген адам Алла Тағаланы құрметтеген болады.
Биыл Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде өкіл имамдардың бірауыздан келісуімен Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, Ораза айт намазына дейін беруге болады.
Қасиетті Қадір кеші - шілденің 1-нен 2-сіне қараған түн. Қадір түнінде мешіттерде таңға дейін рухани бағдарламалар ұйымдастырылады. Уағыз айтылып, Құран оқылып, жамағатпен дұға жасалады.
Қасиетті айдың қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында, облыстардағы мәдениет үйлерінде «Қош келдің, Рамазан!», «Берекелі мереке», «Берекелі Рамазан» деген тақырыппен рухани-мәдени, патриоттық кештер ұйымдастырылды.
Тарауих намаздарынан кейін жамағат үшін мешіт аулаларына арнайы автобустар қойылып, тұрғындар тегін жеткізіледі.