КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
«Мерей» мөлтек ауданында 9 қабатты ғимарат кең ауқымды өрт-тактикалық жаттығулар өтті. Қалалық жедел қызметтері өрт болған жағдайда көпқабатты ғимараттарда жедел әрекет ету барысын көрсетті.
Шарт бойынша, өрт 9 - қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатында орын алды. Өрт жоғарғы қабаттарға терезе ойығынан таралып кетті.
Өрт екінші рангтағы қиындықтар деп аталды. Оқу-жаттығуға Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлері, ОӨАЖҚЖ құтқарушылары және «Апаттар медицина орталығы» дәрігерлері қатысты. Жаттығу басшысы Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ғ.Імбетов ғимараттағы зардап шегушілерді құтқару жұмыстарын әр түрлі тәсілдермен жүргізді.
Адамдарды автокөлік сатысымен құтқарды. Онымен қатарласып газ-түтіннен қорғау қызметі құтқару жұмыстарын жүргізді.
«Өрт» жарты сағат өткен соң сөндірілді. Ғимараттың ішінде шартты өртті жоюмен газ-түтіннен қорғау қызметі айналысты, ал сыртындағы өртті автокөлік сатысының оқпанымен өшірді. Жаттығуға 58 адам және 10 техника жұмылдырылды.
Іс-шара соңында көп қабатты үйдің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын профилактикалық түсіндірме жұмысын және тұрғындарды ғимараттан көшіру жаттығуын пысықтады. Барша жиналған қауымға өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефон нөміріне қоңырау шалу қажеттілігі айтылды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі ММ