ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД-ДЕ «4 МАУСЫМ-РӘМІЗДЕР КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. 1992 жылы маусымның 4-і күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздерге: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран кіреді. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет екенін көрсетті.
Осы мақсатта, ағымдағы жылдың 4-і күні Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде «4 маусым – Рәміздер күніне» орай полиция қызметкерлерімен іс-шара өткізілді.
Қызылорда ОІІД-нің плацында ОІІД-нің аппараты қызметкерлері 7 қорапта сапқа тұрғызылды. Саптың сыртқы жағында дыбыс күшейткіш аппаратурасы құрылып, патриоттық әндер орындалды. Іс-шараға Департамент бастығы полиция полковнигі Жанат Сулейменов және барлық басшылар мен қызметкерлер қатысты.
Жеке құрам Мемлекеттік гимнді орындап, қорап басшылары оң қолдарын бас киіміне апарып, құрмет көрсетіп тұрды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі