ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
4 маусымында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер арасында веложарыс өткізді.
Веложарыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағынан бастау алып, қаланың орталық алаңында аяқталды. Жарысқа
60-тан астам мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Қатысушыларға алғы сөзімен Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева мен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев сөз сөйледі.
Мәреде веложарыстың жеңімпаздары мен көзге түскен қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.
Белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар Мемлекеттік қызметшілер күніне материалдық көтермелеуге ұсынылатын болады.
Ерлер арасында жүлделі орындар алды:
1 орын – Жандәулет Өндрей, облыстық төтенше жағдайлар департаменті;
2 орын – Нұрислам Исаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасы;
3 орын –Тимур Қасымбеков, облыстық кірістер департаменті.
Әйелдер арасында үздік болып танылды:
1 орын – Назерке Өмірғалиева, облыстық төтенше жағдайлар департаменті;
2 орын – Айзат Хайруллаева, облыстық қазынашылық департаменті;
3 орын – Жұлдыз Тоқанова, облыстық статистика департаменті.