АМЕРИКАЛЫҚ СПУТНИГІ БАР «ПРОТОНДЫ» БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНАН ҰШЫРУ 8 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН
«Протон-М» тасымалдағыш зымыранымен «Intelsat DLA-2» ғарыш аппаратын ұшыру 2016 жылдың 8 маусымына жоспарланған, деп мәлімдеді Қазғарышта, деп жазады primeminister.kz.
«Протон-М» тасымалдағыш зымыранмен «Intelsat DLA-2» ғарыш аппаратын ұшыру «Байқоңыр» ғарыш айлағының 81 алаңындағы старттық кешеннен 2016 жылдың 8 маусымына (негізгі дата), Астана уақытымен сағат 13.10-ға (резервтік даталар – ағымдағы жылдың 9-11 маусымы) жоспарланған», - делінген хабарламада.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Intelsat DLA-2» ғарыш аппаратын ұшыру шеңберіндегі жұмыстар жалғасуда, ғарыш аппараты «Байқоңыр» ғарыш айлағына ағымдағы жылдың 26 сәуірінде жеткізілген.
«Intelsat DLA-2» ғарыш аппаратын IntelsatS.A (АҚШ) спутниктік байланыс операторының тапсырысы бойынша Space Systems Loral (АҚШ) компаниясы жасаған. Ғарыш аппаратының салмағы 6320 кг, онда С-диапазондағы 10 транспондер (ретрансляция бағаны) және Ku-диапазондағы 72 транспондер бар. Спутник геостационарлық орбитаға, батыс бойлықтағы 95° тұру нүктесіне шығарылып, сол жерден 15 жыл бойы Латын Америкасы аумағына үздіксіз хабар тарату қызметін көрсететін болады», - деп түсіндірді Қазғарышта.