ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНАН
Жақында өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында 2015 жыл және ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны бойынша Шиелі ауданының мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының мәселелері қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңес аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың есебін тыңдап, аудан басшысына мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды және құқықтық оқытулар ұйымдастыруды ұсынды.
Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Руслан Ысқақов жергілікті атқарушы органдарда қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстар және осы жылға арналған мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесе атқаратын іс-шаралар айтты.
Әдеп жөніндегі кеңестің екінші отырысында мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурс кезінде бұзушылықтарға жол берген Шиелі кенті әкімі аппаратының бас маманы - заңгері Е.Отызбаевтың тәртіптік ісі қаралды.
Істі қарау нәтижесімен, Әдеп жөніндегі кеңес Шиелі кентінің әкіміне Е.Отызбаевқа «мемлекеттік лауазымын төмендету, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынды.
Сонымен қатар, Қызылорда қалалық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ш.Абдразакованың тәртіптік ісі қаралды. Әдеп жөніндегі кеңес материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау туралы шешім қабылдады.