НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМШЕГЕ САУЫҚТЫРУ ЖАБДЫҚТАРЫН ТАБЫС ЕТТІ
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 Пайдалы іс» Республикалық акциясы аясында облыстық комиссия мүшелері Жаңақорған ауданында болып, бірқатар медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Б.Үмбетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Қожарипова ауданға сапары барысында бір мезетте 250 науқасты қабылдауға арналған жаңа емхана құрылысының жүргізілу барысын көріп, аудандық денсаулық сақтау саласының мұражайында болды.
Мұнан кейін, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының жаңадан ашылған неврологиялық науқасы бар балаларға арналған бөлімшенің жұмыс барысымен танысты. Шара барысында комиссия мүшелері бөлімшеге 2,5 млн теңгенің «Ортапедикалық тренажер» сауықтыру жабдықтарын табыс етті. Сонымен қатар балаларға мерекеге орай сыйлықтар таратты.