ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек республиканың солтүстік, шығысы мен орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының кейбір аудандарында жел тұрады, түнде тұман түседі. Маңғыстау облысында тұман түседі, күндіз жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басады. Қызылорда өңірінде жоғары өрт қаупі сақталады.