ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесе отырып, 30 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында еліміздің педагогтерінің біліктілігін арттыру курсын бастайтыны туралы хабарлаған болатын. Осы мақсатта оқу бағдарламалары дайындалды. Мұғалімдерге арналған бағдарламалар педагогтердің тиісті жоғары кәсіби білім, педагогикалық жұмыс тәжірибесін алуы үшін арнайы дайындалған.
Біздің облыста да бірнеше жерде сондай курстар өтіп жатыр. Педагогикалық шеберлік орталығының базасында 785 мұғалім біліктіліктерін арттыруда. Оларға кәсіби біліктіліктері жоғары тренерлер дәрістер оқиды және де Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздар қауымы жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушыларды бағалаудың жаңа жүйесі және үштілдік оқыту бағдарламасы мен жаңаша әдіс-тәсілдер туралы семинар-тренингтерін өткізуде.
Айта кету керек, биыл барлығы 54 036 педагогті оқыту жоспарлануда, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы базасында – 14 874 мұғалім, ал «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында – 32 162 мұғалім оқытылады. Курс аясында педагогтер оқыту мен оқудың әлемдегі өзекті әдістемелерімен, критериалдық бағалау жүйесімен танысады. Әрбір тыңдаушыға Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz. білім беру порталына қолжетімді онлайн-материалдары бар оқу-әдістемелік кешен беріледі.
Курс аяқталған соң мұғалімдер курстардың өткізілетін орындары бойынша республика өңірлерінде онлайн режімінде тестілеуден өтеді. Тестілеу тапсырмалары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді. Тестілеу нәтижелерін өңдеу және тапсыру автоматты түрде өткізіледі.