ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ
1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық медицина орталығының балалар хирургиясы бөлімінде, облыстық балалар ауруханасында, «Сәбилер үйінде» мерекелік шаралар өткізілді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Шараларға басқарма басшысы А.Әлназарова қатысып, бүлдіршіндерді құттықтап, мерекелік сыйлықтар жасады. Сәбилерге тәттілер үлестірілді. Сонымен қатар, облыстық перинатальды орталықта жаңа босанған аналардың нәрестелеріне «Қуан сәби» кітапшалары мен «бөбектер жиынтығы» табыс етілді.