БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ МУЗЕЙІ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ТАРИХИ ОРДАСЫНА АЙНАЛАДЫ
Елордалық Пирамидада ашылатын бейбітшілік және келісім музейінде мәдениет пен діндер диалогын дамыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттау жөніндегі өкіл Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі көшбасшыларының ХV отырысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бейбітшілік және келісім музейі жұмыс тобының ерекше қызығушылығын тудырды. Съезд хатшылығы музейдің тұжырымдамасын әзірлеген болатын. Аталған музей Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін, оның тарихи рөлі мен жетістіктерін жан-жақты дәріптеуге бағытталған материалдар, артефакттар, құжаттар жинау мақсатында құрылғалы отыр. Сондай-ақ онда мәдениеттер мен діндер диалогын дамыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады», – деді М.Әзілханов.
Вице-министрдің айтуынша, музейде Съезді өткізуге қатысты маңызды артефакттар қойылатын болады.
Еске сала кетейік, бейбітшілік және келісім музейін құру туралы 2015 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсыныс еткен болатын.