БИЗНЕСТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЖОЛЫ БІР ЕМЕС
Коғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - бизнес-ортадағы жемқорлыққа қарсы модельді қалыптастыру, жемқорлықтың туындауына мүмкіндік беретін себептер мен шарттарды болдырмауға кәсіпкерлердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді азайту және т.б.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық кәсіпкерлер палатасының мүшелері, сондай-ақ Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары тындалып, кәсіпкерлердің қызметі барысында кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды.
Департамент басшысы Ж.Жылқышиева мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына бақылау саласында уәкілетті органның басты міндеттерінің бірі болып кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу екенін атап өтті.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Д.Мырзалиев Қызылорда облыстағы әкімшілік кедергілердің азайту бойынша жұмыс туралы айтты.
Атап өту керек, былтыр өзара әрекеттестік аясында Палата сарапшылары жемқорлық қауіп-қатерлер талдауын жүргізуге қатысқан болатын. Бизнесмендер мүдделерін қорғайтын бірлескен шаралар, қоғамдық тыңдалымдар кезінде департамент өкілдері қолынан келгенше ақпараттық, кеңес беру, әдіснамалық көмектерін аямайды.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының негізгі бағыттары бойынша түсіндірмелер берілді. Кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметті көрсету бойынша түсіндірмелік бүктемелер таратылды.
Пікірталас қатысушылар үшін пайдалы болды. Олар заң барлығы үшін бірдей болуы тиіс деген қорытындыға келді. Мемлекеттік органдар өкілдері конструктивті диалогқа әрқашан дайын екенін айтты. Кәсіпкерлер құқықтық мәдениетті сақтауда анағұрлым белсенділік таныту қажет екенін айтты.