АЛҒАШ РЕТ СЫР ЕЛІНДЕ ТЕКЕМЕТ БАСУДАН ТРЕНИНГ ӨТУДЕ
Елімізде алғаш рет Сыр елінде ауыл әйелдері арасында дәстүрлі текемет басудан тренинг өтуде. Тренинг 29 мамыр мен 5 маусым аралығында Шиелі ауданы Қызыл қайың ауылында өтіп жатыр. Қазақтың салт-дәстүрінің ұмыт болып бара жатқан текемет тоқу техникасын кейінгі ұрпаққа көрсету мақсатында өтіп жатқан бұл жобаны Қызылорда облыс әкімдігінің қолдауымен Қазақстан бойынша ЮНЕСКО кластерлі бюросының және Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы ұйымдастырды.
Тренингтің негізгі мақсаты – тыңдаушыларға текемет басудан теориялық білімін жетілдіріп, практиқалық қабілетін өсіруді қолға алу, текеметті ЭКСПО - 2017 қарсаңында туристік салаға арнап сувенир ретінде шығару.
Тренер-Айжан Бекқұлова, Қазақстандағы қолөнершілер кеңесінің төрайымы, "Our Heritage" ОФ Президенті, «Мәдениет саласының үздігі». Тренинг қатысушылары – ауыл тұрғындары және Қызылорда облысының шеберлері.