ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Атамекен» балалар ауылына барып, жеткіншектерді мерекемен құттықтады.
Отбасылық үлгідегі балалар ауылында қазір 57 бала тәрбиеленуде.
Мерекеге орай ұйымдастырылған «Балалықтың мініп кемесін, бақытқа қарай жүземіз» атты шарада балалар ән айтып, би билеп, театрландырылған қойылымдарын көрсетті. Сонымен қатар, балалақайлардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен сурет көрмесі де қонақтарды таңқалдырды.
«Атамекен» балалар ауылындағы жеткіншектердің барлығы да өнерлі, талантты балалар. Өткен жылы Наргиз Кашапова есімді балалар ауылының түлегі К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне оқуға түсіп, білім алуда. Биыл мектеп бітірген жас түлек Дәлі Медет те Ресейде оқитын болады. Ол Мәскеудегі металлдарды өңдеу институның грант иегері атанды.
- Біз бүгін бас қосқан "Атамекен” балалар ауылы осыдан тура бір жыл бұрын ашылды. Отбасылық үлгідегі балалар ауылын ашу арқылы Қызылорда облысы балалар үйі жойылған бірінші аймақ болды. Балалар ауылын салудағы негізгі мақсатымыз – мұндағы тұрмысты отбасылық жағдайға барынша жақындату арқылы балалардың қоғамға, қазіргі өмірге бейімделуіне жағдай жасау еді. Балалар ауылы осы міндетін жақсы атқарып жатыр деуге толық негіз бар. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дамуына белсене араласып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз қажет. Ал біз сіздерге әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Бүгін балаларды мерекемен құттықтау үшін «Атамекен» балалар ауылының демеушілері өңірдегі бір топ мұнай компаниялары да келді. Мерекеге орай сыйлықтарын табыстап, балалардың қуаныштарына ортақтасты.