37 ТҮЛЕК БІРІҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН БОСАТЫЛДЫ
Ертең облысымызда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Биыл ҰБТ масуымның екісі мен төрті аралығында жүреді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев хабарлады.
- Биыл облысымызда 6564 оқушы мектеп бітіріп жатыр. Оның 4559 ҰБТ-ға қатысады, яғни мектеп бітіруші түлектің 69,5 пайызы. Ал «Алтын белгіге» үміткер түлектердің саны - 329 оқушы, 123 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер, - деді Б.Сайлыбаев. – ҰБТ тапсыру үшін биыл 9 пункт, 104 аудитория дайындалды, оның екеуі Қызылорда қаласында. Қорқыт ата атындағы ҚМУ 5 ғимараты мен №2 мұрагер мектебі сақадай сай. Барлық жабдықтармен жабдықталған. Бейнекамералар орнатылған, ұялы телефон тұншықтырғыш та жұмыс істеп тұр. Алыс аудандардан келетін оқушылар үшін 139 автобус жабдықталды. 25 жастан кем болмау және 5 жылдан жоғары еңбек өтілі бар жүргізушілер арнайы алынды. Оқушылардың жатын орындары мен тамақтану мәселелері де толықтай шешілген. Айта кететін жәйт, ұстаздар оқушыларға бүгінге дейін шпор немесе ұялы телефон, калькулятор секілді көмекші құралдарына сенбеуге үйретіп келеді. Себебі, көмекші құралдарынсыз өз білімін көрсетуге толық мүмкіндік бар.
Айта кету керек, биылғы жылдан бастап түлектер ҰБТ қайта тапсыру мүмкіндігіне ие бола алады. Тек шекті баллды жинай алмаған 50 баллдан төмен жинап, дегенмен колледждерге тапсыратын жағдайда ақылы түрде кешенді тест тапсыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар Халықаралық конкурстың жеңімпаздары 37 бала биыл ҰБТ босатылды.
Шынар БЕКБАН