«УЫЛДЫРЫҚ-2016» АКЦИЯСЫ 11 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ
1 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Уылдырық-2016» акциясы аясында Қызылорда облысы бойынша 128 балық қорғау заңнамасы бұзушылық анықталып, оның ішінде 50 іс сот орындарының қарауына жіберілді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов хабарлады.
М.Нұрмағамбетовтың мәлімдеуінше, Сырдария өзендерінде 1 сәуірден 30 мамыр, жергілікті балық шаруашылығы су айдындарында 20 сәуірден 10 маусым, ал Кіші Арал теңізінде 1 мамырдан 10 маусым, балық аулаудың барлық түріне тыйым салынғандығы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын.
- Облыс бойынша жыл басынан бері 274 балық қорғау заңнамасын бұзушылық анықталып, 221 ереже бұзушыларға 2 млн. 579 мың теңге айыппұл салынды. Оның 2 млн. 451 мың теңгесі өндірілді. Балық аулау ережесін бұзушылардан 43 ау, 1801 кг балық тәркіленіп, балық қорына келтірілген залал құны 335 мың 600 теңгенің 212 мың 100 теңгесі өндірілді, - деді Марат Нұрмағамбетов.
«Уылдырық-2016» атты көктемгі балықтардың уылдырық шашып көбею мезгіліндегі акция Сырдария өзенінен басқа 11 маусымға дейін жалғасатын болады.
Шынар БЕКБАН