ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 2 ДАЛА ӨРТІ ТІРКЕЛДІ
«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар Департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев ағымдағы жылдың І тоқсанында 2 дала өрті тіркелгенін мәлімдеді. Атап айтқанда 13 сәуірде Махамбет ауылы, «Бәйтен» учаскесіндегі ашық алаңда 35 гектар қураған шөптер мен шеңгелдер жанған. Келесі күні – 15 гектар жер. Үш адам қауіпсіз жерге көшірілді.
- 2016 жылдың 25 наурызында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың «2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобын құру туралы» өкімі бекітілді. Осы өкім негізінде ағымдағы жылдың 8 сәуірінде облыс әкімі орынбасары С.Қожаниязовтың төрағалығымен 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі облыстық жұмыс тобының отырысы болып өтті. Отырыста жауапты мекемелер мен органдарға нақты тапсырмалар берілді. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов пен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен келісілген «Қызылорда облысы аумағында орманжәне дала өрттерінің алдын алу және болдырмау мақсатында бірлескен өзара іс-қимыл жоспары» бекітілді, - деді Р.Қайрақбаев.
Шынар БЕКБАН