САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми сарапшылық топтың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Мақсаты - зұлмат жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың тарихын таныстыру.
Достық үйіндегі келелі жиынға облысымыздағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының оқытушы-профессорлары, ғалымдар, этномәдени бірлестік жетекшілері, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері мен белсенді жастар қатысты.
Дөңгелек үстел отырысында қатысушылар тарапынан тоталитарлық жүйе кезіндегі саяси қуғын-сүргін, қолдан жасалған жаппай ашаршылықтың туындау себептері, салдары, отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелермен қатар зерттеу нысаны жан-жақты талқыланып, талданды.
Шара соңында қатысушылар жаңа қазақстандық патриотизм мен Мәңгілік ел ұлттық идеясын жүзеге асыру барысында ұлт зиялыларының тарихын насихаттау мен оқытуды басты назарда ұстау қажеттігін атап көрсетті.