СУҒА ТҮСУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Суға түсу маусымының 1 маусымда машылатынына қарамастан, жыл басынан бері, өкінішке орай 8 адам суға кетті. Оның ішінде жетеуі бала. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақыт Ембергенов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Б.Ембергеновтың мәлімдеуінше, өңір басшысының бекіткен жоспарына сәйкес, бүгінде белсенді түрде профилактикалық жұмыстар жасалып келеді. Алайда жыл санап оқыс жағдайлар 40 және одан көп адамға жетіп отыр. Суға шомылғандардың көбісі рұқсат етілмеген жерде құтқару жасағы жоқ жерде суға түскен. - Биылғы жылы бірінші оқыс оқиға қаңтар айында тіркелді. Екі бала мұз жарылып, суға кеткен. Бұл оқиғаның негізгі себебі балаларын қадағаламаған ата-аналар. Барлық суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге арнайы белгілер қойылады. Сол жерлерден аспау және ең бастысы ата-ана қадағалауынсыз суға шомылуды азайту керек, - деп ескертті Б.Ембергенов.
Шынар БЕКБАН