ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс активіне ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы тағайындалды.
А.Қайруллаев 1981 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлу төбе ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қорқыт ата атындағы университетін – журналист, 2008 жылы осы оқу орынанда – заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясының рекдакторы ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы, көмекшісі, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, қалалық ішкі саясат, мәдіниет және тілдерді дамыту бөлімдердің басшылары қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
– Айдын Бөкенбайұлының ішкі саясат саласындағы тәжірибесі мол. Сондықтан бұл саланың жұмысын жүйелі ұйымдастырады деп сенемін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Айта кетейік, облыс әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Ерлан Бәкіров пен бухалтерлік есеп және есептелік бөлімі Ғабит Жаңабаев облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтеріне тағайындалды.